PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев 2023 жылы негізгі саяси оқиғалар жөнінде сауалнама жүргізіп, қоғам пікірін зерделегенін айтады. Азаттыққа берген сұхбатында ол авторитаризмнің түрленгенін, бірақ негізгі қасиетінен айнымағанын айтады.
Марафоншы, азаматтық белсенді Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды. Істі жабық қараған судья үкімді онлайн оқыды. || Марат Жыланбаевтың соты мен оған шыққан үкімді қоғам әртүрлі қабылдады. || Петропавлда сепаратизм бабы бойынша күдікке ілінген адамдар ұзақ жылға сотталды.
Астана қаласын дүйсенбі күні түтін тұмшалады. || Украинадағы соғысты қолдаған кремльшіл әнші Григорий Лепстің Қазақстанға келуіне қоғам қарсылығынан соң оның Қонаев қаласында жоспарлаған концерті өтпейтін болды. || Ақтөбе облысында Жылтыр ауылы құм құрсауында отыр.
Алматыда мәжіліс пен мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар мен азаматтық белсенділерден құралған "Халық парламентінің" алғашқы жиыны өтті. Жиында жұрт 19 наурыздағы сайлауды заңсыз деп тануды, оны қайта өткізуді талап етті.
Қазақстанда 200-ден астам адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланған, қамауда азапталған қанды Қаңтардан кейін бір жылдан астам уақыт өткенде жаңадан сайланған парламенттің сессиясы ашылды. Мәжілістің жаңа құрамы елде "сайлау әділ өткен жоқ" деген наразылық айтылып жатқан шақта іске кірісті.
Кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесінде парламентке билікке адал алты партия өтті. Мәжілістегі 40 орын "Аманат" партиясының өкілдеріне тиді, 29 депутат қалған бес партиядан сайланды. Сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да көбі "Аманат" партиясының мүшелері болып шықты.
Парламентті сайлауда бақылаушы болған Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі сайлау әділетсіз өтті деп, пикетке шықты. "Сайлаудағы заңсыздықтарды өз көзіммен көрдім" деген ол бұған көз жұмып отырған билікке наразы.
Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесіне байланысты дау әлі де басылмай тұр. Тәуелсіз кандидаттар мен бақылаушылар бүгінге дейін хаттама ала алмай жүргеніне шағынады. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы мұны мойындамайды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сәбит Байбосынов аумақтық сайлау комиссиясын "хаттамадағы деректерді қолдан өзгертті" деп айыптады. Сайлау қорытындысы бұрмаланғанын учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері де растады. Бірақ сот кандидаттың талабын қанағаттандырмады.
19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты дау толастар емес. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатысып, билік мұны "демократияның белгісі" деп түсіндірген. Дауыс беруден кейін бірнеше қаладағы өзін-өзі ұсынған кандидаттар сайлау нәтижесі бұрмаланғанын, тәуелсіз бақылаушылар заңбұзушылықтар болғанын айтты. Осындай өңірлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Онда журналист пен заңгер арасында тартыс туды.
Тағы