Accessibility links

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарына ол жақтан кетуді ұсынды


Украинаның батысындағы Львов қаласына Ресей күштері жасаған шабуылдан бүлінген үйлер. 4 қыркүйек, 2024 жыл.
Украинаның батысындағы Львов қаласына Ресей күштері жасаған шабуылдан бүлінген үйлер. 4 қыркүйек, 2024 жыл.

5 қыркүйекте Қазақстанның Украинадағы елшілігі сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына жағдай шиеленісуіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында соғыс болып жатқан аумақтан кету жағын қарастыруды ұсынды.

Елшілік Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша немесе Молдоваға жетіп, әрі қарай коммерциялық рейспен елге бара алады деді.

"Польша арқылы кету үшін Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет, Молдоваға кіру үшін виза керек емес" деп хабарлады Қазақстанның Украинадағы елшілігі.

Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ түруге, паналайтын орынға дереу баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдар ұсыныстарын орындауға шақырды.

4 қыркүйекке қараған түні Ресей әскері Украинаның батысындағы Львов қаласына жасаған шабуылдан жеті адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланған. Тұрғын үйлер мен екі мектепке зақым келген. Ресей күштері Львовтағы әскери-өнеркәсіп кешенін нысанаға алғанын айтты.

3 қыркүйекте Украинаның Полтава қаласындағы әскери оқу орнына Ресей зымыраны түсіп, 55 адам қаза тауып, 328 адам жараланды. Украина қауіпсіздік қызметі әскери нысан туралы ақпарат берген тыңшыны іздестіріп жатқанын хабарлады.

Ресейдің Полтаваға шабуылын айыптаған Вашингтон алдағы апталарда Киевке көбірек әскери көмек жіберетінін айтты.

Украинадағы жарылыс, Ресей зымырандары, Қазақстанның әскері – AzatNEWS | 04.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:34 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG