Accessibility links

Бразилия президенті Путин 2024 жылы G20 саммитіне барса, оны тұтқындамауға уәде берген


Бразилия президенті Луис Игнасио Лула да Сильва
Бразилия президенті Луис Игнасио Лула да Сильва

Егер Владимир Путин 2024 жылы "Үлкен жетілік" саммитіне қатысқысы келсе, ол тұтқындалмайды. Осылай мәлімдеген Бразилия президенті Луис Игнасио Лула да келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін саммитке Ресей президентін шақырып, оның қауіпсіздігіне кепілдік беретінін растады.

Биыл Путин Делиде өткен G20 саммитіне барған жоқ. Шараға Ресей атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты. Путин жуырда Йоханнесбургтегі БРИКС саммитіне де бармай, шараға видеобайланыспен қатысқан.

10 қыркүйекте G20 елдері Ресейдің Украинаға басқыншылығын тіке айыптамаған декларацияны қабылдады.

Құжатта бар болғаны барлық мемлекет БҰҰ хартиясының мақсаттары мен принциптеріне сәйкес әрекет етуі керек, қоқан-лоқыдан аулап болып, кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігі принциптерін басшылыққа алуы керек деп жазылған.

  • Бразилия Халықаралық қылмыстық соттың өзегі саналатын Рим статутына қол қойған.
  • Биыл наурызда Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің бала құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы тұтқындау туралы ордер шығарған. Олар украин балаларын күштеп Ресейге депортациялау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген.
XS
SM
MD
LG