АСТАНА: Қазақстан үкіметі Ресейдің зымыран-тасығыш “Протон-М” ғарыш кемесінің апатынан келген зардаптың мөлшерін 8 млн. доллардан асады деп бағалады. Бұл әлі бастапқы есеп болып табылады. Қазақстанның төтенше жағдайлар бойынша министрі В.Храпунов мәлімдегендей, Ақорданың Мәскеуден талап ететін өтемақысының ақырғы сомасы бүгін аталуға тиіс. Ресейдің “Протон-М” ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш алаңынан 6-ншы қыркүйек күні көкке самғай беріп, бірнеше минуттан кейін Жезқазған қаласының маңайына құлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы