Алматы облысы Талғар ауданында атышулы Хасан Қасымбаевтың қамалғаны хабарланды. Қылмысқа қатысы бар ма? Түркістан облысы Сарыағаш соты күніне жүзден аса мигранттың ісін қарайды. Олардың жазығы не? Молдовадағы президент сайлауында еуропашыл Мая Санду оза шығып, ресейшіл кандидат жеңіліс тапты.
Украинаның Донбасс аймағындағы кескілекен шайқас жалғасып жатыр. Украина әскерінің бас қолбасшысы "Ресейдің ең ауыр шабуылына тойтарыс беріп жатқанындарын" айтты. Оңтүстік кореялық дипломат Ресей КХДР солдаттарына "екі мың доллар айлық төлейді" деп топшылайды.
3 қарашада Молдова президентін сайлаудың екінші туры өтті. Сайлауға Мәскеу киліккені жайлы айыптаулар айтылып жатқан шақта жарияланған алдын ала қорытындыға сай, қазіргі президент, батысшыл саясаткер Майя Санду жеңіске жетті.
Сайлау сарапшылары мен дата талдаушылар Грузия аймақтарындағы дауыстың бөлінуі бойынша графиктерде ауытқушылық барын байқады. Бұл сайлаудағы бұрмалаушылықтарға жанама айғақ болуы мүмкін. Мұндай жайт 2020 жылы Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум кезінде де байқалған. Олар мұндай трендті "Ресей құйрығы" деп атайды.
- Соғысты айыптап танылған ресейлік кәсіпкердің қамау мерзімін Алматы соты 1 жылға ұзартты - Соғыстан қашқандарға Қазақстан салыстырмалы түрде қауіпсіз ел дейді құқық қорғаушы. Рас па? - Байқоңырда Германия мен Францияның екі азаматы ұсталғаны хабарланды. Олар не істеп жүр?
Испанияда алапат су тасқынынан мерт болғандар 100-ге жуықтады. Ел үш күн қара жамылмақ. Киевте қастандықтан қаза тапқан Айдос Садықовтың ісі қалай тергеліп жатыр? Прокурор жауап берді. «Бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарына қосылдық». Қазақстан президенті шетелдік инвесторлармен кеңесті.
АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға қазақстандық Kazstanex компаниясы да ілінді. Ол Ресейге сатуға тыйым салынған жабдықты Еуропадан алып, Қытай арқылы тасымалдаған деген күдікке қалған. Азаттық мәселені компанияның өзінен сұрауға талпынғанымен, ол байланысқа шықпай қойды.
Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған үш жылдық бюджет туралы заңды мақұлдады. Биыл да бюджет қаражатының жетпеуіне байланысты үкімет Ұлттық қордан 5,3 триллион теңге алмақшы. Бұл жөніндегі заң жобасын мәжіліс мақұлдады.
Ресей кейінгі бір айда Украинаның 500 шаршы шақырым жерін жаулап алды. Американың соғысты зерттеу институты орыс әскері соғыстың бастапқы кезіндегі екпінін “қайта жинап алғанын” хабарлады. Іргесіне жау таяған Украина қалаларындағы ахуал ушығып тұр.
Маңғыстауда Каспий теңізін мекендейтін итбалық жаппай қырылып қалған, Кейінгі бір аптада теңіз жағалауынан үш жүзге жуық итбалық өлексесі табылды. Мамандар олардың неден өлгенін анықтауға кірісті.
Ресей әскері бір аптада Донецк облысында 200 шаршы шақырым жерді басып алды. Украина депутаты Азаттыққа "әскеріміз дәл қазір жеңіліп жатыр, бірақ соғыста толық жеңілдік деуге келмейді" деп мәлімдеді. Ресейдің Харьков қаласына шабуылынан төрт адам қаза тапты. 29 қазандағы ахуалға шолу.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияда жүр. Баян-Өлгейдегі қазақтарға бара ма? Отандық өндіріске жауапты министр Қанат Шарлапаев неге Қазақстанда құрастырылған көлікке мінбейді? «Алтын доп» дауы қайдан шықты? Расизм бе, саяси қитұрқылық па?
28 қазан кешке Грузия парламенті алдына мыңдаған адам жиналды. Билікті парламент сайлауының нәтижесін бұрмалады деп айыптап, наразылық білдірген халықпен бірге оппозиция лидерлері және ел президенті Саломе Зурабишвили де болды. Олар сайлауды қайта өткізуді талап етті.
Грузиядағы парламент сайлауына Ресей араласты ма? Кремль жауап берді. «Бәсекесіз сайлау». Өзбекстан парламенттің төменгі палатасын қайта жасақтады. Депутаттардың арасында оппозициядан өкіл жоқ. Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне байланысты 5 бірдей қылмыстық іс қоғалған.
24-27 қазан аралығында Сараевода өткен Әлемдік ұйғыр конгресі жиынында Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын ұйғырлардың тағдыры сөз болды. Азаттық жиын қарсаңында Әлемдік ұйғыр конгресі ұйымның директоры Зумретай Аркиннен сұхбат алды.
Биліктегі "Грузин арманы" партиясы парламенттегі орындардың жартысынан көбін иеленгенін жариялады. Оппозиция сайлаудың ресми нәтижесіне келіспейтінін мәлімдеді. Грузия президенті де қарсылық білдіріп, жұртты жаппай акцияға шақырды. Халықаралық және жергілікті бақылаушылар сайлауға бағасын берді.
Ресей әскері Донбасстағы маңызды қаланың бірі Селидовоны алғанын айтып жатыр. Ресей президенті Путин Курскіде Украинаның екі мың солдаты қоршауда қалды дейді. Бірақ әскери сарапшы оның бұл сөзіне сенбейді. Путин Мәскеу келіссөзге дайын болғанынын, бірақ Киев бас тартқанын айтады.
Тағы