Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ӘЛЕМ
Бен Ладеннің өліміне 10 жыл. АҚШ операциясы қалай өтті?
2 мамыр 2021 жыл, 20:03
Амос ЧЭПЛ
2011 жылы 2 мамырға қараған түні АҚШ әскери жасағының түнгі рейді кезінде Усама Бен Ладен мерт болды.
1
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларына және Пенсильвания штатына террор шабуылы жасалып, саудиялық терроршы Усама Бен Ладенді қолға түсіруге деген қажеттілік еселеп өсті. Террористер лидеріне іздеу 1990-жылдары салынған.
2
Джимми Ву дейтін дзюдо жаттықтырушысы осы суретті бөлісіп, онда бейнеленген жас жігіттің Бен Ладен екенін айтқан. Оның сөзінше, бұл сурет 1980-жылдардың басында Сауд Арабиясындағы дзюдо сабағы кезінде түсірілген.
Бен Ладен – Сауд Арабиясындағы монархиялық отбасымен қарым-қатынасы бар құрылыс магнатының ұлы.
Жаттықтырушы Джимми Ву Reuters агенттігіне берген сұхбатында дзюдо сабағына қатысқан бойшаң жігітті есте сақтап қалғанын айтқан. Сұхбатқа қарағанда, бірде жаттықтырушы дзюдо орталығына әйелін әкелгенде, Бен Ладен оған ескерту жасап, жаттығу залында әйелдің болғанына қарсылық танытқан.
3
Жиһадшылар жаттығу лагерінде Совет күштеріне қарсы дайындалып жатыр. Совет одағы Ауғанстанға 1979 жылы басып кірген.
Бен Ладен әкесінен қалған байлықты Пәкістандағы жаттығу лагерьлерін қаржыландыру үшін пайдаланған. Жауынгерлер сол лагерьлерде дайындықтан өтіп, кейін Ауғанстанға барып Совет әскерімен соғысқан. Саудиялық миллионер соғыстың кейінгі кезеңіне араласты. Соғыс 1989 жылы Совет одағының Ауғанстаннан әскерін алып кетуімен аяқталды.
4
Совет-Ауған соғысы аяқталар тұста Бен Ладен (1998 жылғы түсірілген осы суреттің ортасында тұр) "әл-Қаида" дейтін ұйым құрды. Кейінірек ол "Еврейлер мен кресшілерге" соғыс жариялап, Батыс адамын өлтіру "әрбір мұсылманның парызы" деді.
5
Найроби, Кения, 1998 жыл. АҚШ елшілігіндегі жарылыстың түтіні. Елшілік ғимаратында террористер бомбамен жабдықтаған жүк көлігі жарылған.
1990-жылдары Бен Ладен бірнеше террор шабуылдарын өзі ұйымдастырғанын айтқан. Олардың арасында АҚШ елшілігіндегі осы жарылыс та бар. Жарылыс кезінде қаза тапқандардың 224-і жергілікті африкалық болған.
6
Босния әскерінің мұсылман жасағы Зеница қаласындағы әскери парадта. 1995 жыл.
Бен Ладен 1990-жылдары бұрынғы Югославия аумағына шетелдік жиһадшыларды жіберіп, оларға Босния мұсылмандары жағында соғысуды тапсырды деген
пікір
бар. Шетелден келген бұл жиһадшылар өрескел
қатыгездігімен
көзге түсті.
7
Ауған содырлары АҚШ-тың Тора-Бора тау кешенін бомбалауына қарап тұр. 2001 жылдың желтоқсаны.
АҚШ 11 қыркүйектегі шабуылдан кейін Ауғанстанға басып кіріп, таулардағы Тора-Бора дейтін үңгір кешеніне әуеден шабуыл жасаған. Бен Ладен мен "әл-Қаида" жауынгерлері осы кешенде тығылып жатыр деп саналған. Бірақ Бен Ладен Пәкістанға қашып үлгерген.
8
Бен Ладен теледидардан өзін көріп отыр. Сурет Пәкістанның Абботтабад қаласындағы паналау орнында түсірілген саналады.
Содырлар Пәкістанға өтіп кетіп, АҚШ бомбалауынан аман қалды.
9
ЦРУ-дың барлау дрондары Абботтабадта жаңа кешеннің пайда болғанын көрсетті.
Бен Ладен жасырынып отыр деген Абботтабад қаласында 2005 жылы биік дуалмен қоршалған ірі кешен салынған. Жергілікті адамдар кешен тұрғындарының қалдықтарын қоқысқа тастамай, өртеп отырғанын байқаған.
10
Абботтабадтағы кешеннің кескіні.
Бен Ладеннің осы кешенде тұратыны қалай анықталғаны жөнінде бірізді пікір жоқ. Бірақ кешеннің биік болғаны барлауды жеңілдеткен.
11
Абботтабад қаласының шеті.
Жақын үйден бірнеше ай бойы бақылаған ЦРУ барлау тобы 2010 жылы құпия кешенде Бен Ладен мен оның отбасы тұратынына көз жеткізген.
12
АҚШ теңіз әскерінің арнайы жасағы жаттығу кезінде. Архив суреті.
2011 жылы 2 мамырға қараған түні АҚШ теңіз әскерінің ондаған адамнан тұратын арнайы жасағы Ауғанстандағы әуе базасынан Абботтабадтағы кешенге ұшқан. Жасақ көзге мейлінше түспейтін, төмен биіктікте ұшатын арнайы тікұшақтармен жеткізілген. Бұл Пәкістан әскерінің радарына түспеу үшін жасалған.
13
АҚШ президенті Барак Обама (солдан санағанда екінші тұр) мен сол кездегі вице-президент Джо Байден (сол жақта) ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге рейдтің қалай жүріп жатқанын бақылап отыр.
Байден жоғары шенділер арасында шабуылдың сол уақытта жасалғанына қарсы болған жалғыз адам саналады.
14
АҚШ тікұшағының кешенге түскен құйрық винті.
Рейд кезінде кешенде пайда болған турбуленттіліктен бір тікұшақ бақылаудан шығып, винті дуалға тиіп кетіп, апатқа ұшырады. Бірақ арнайы жасақ тоқтап қалмай, үйдің ішіне кіріп, Бен Ладенді атып өлтірді. Құлаған тікұшақты жарылғыш затпен жойды, онда болған америкалық сарбаздар Бен Ладеннің мәйіті салынған тікұшақпен қайтты.
15
Нью-Йорк тұрғыны Бен Ладеннің мерт болғаны туралы жаңалықты естіп, қуанышын білдіріп жатыр.
ДНҚ сынағы мерт болған адамның Бен Ладен екенін растады. Қаза болған «Әл-Қайда» басшысының денесі ислам шартына сай 24 сағат ішінде жерленді. АҚШ әскері оның мәйітін теңізге тастады.
16
Бен Ладен тұрған кешенге жергілікті адамдар жиналып жатыр. 4 мамыр 2011 жыл.
Кешен Пәкістанның әскери базасына жақын орналасқан. Осыдан Пәкістан әскері Бен Ладеннің қайда екенін білген деген күдік пайда болды.
17
Жергілікті балалар кешенге құлаған АҚШ тікұшағының қалдығын жинап жүр.
2020 жылы Пәкістан премьер-министрі Имран Хан әскерилер мен Пәкістанда жасырынған "әл-Қаида" басшысының арасында байланыс болуы мүмкін екенін
мойындады
, бірақ мемлекет басшылығы деңгейінде қарым-қатынас болғанын терістеді.
18
Бен Ладеннің кешені қиратылып жатыр. 2012 жыл.
Бен Ладен мәйітінің суреттері жарияланбады. Кей дерекке қарағанда, мәйіттің суреті жантүршігерлік болған, суреттер сол үшін жарияланбаған.
19
Бен Ладеннің кешені тұрған жердің жанына өтіп бара жатқан адам.
2021 жылы спутниктен түсірілген
суреттер
бұл маңда 2011 жылдан бері көптеген үй тұрғызылғанын, бірақ кешеннің орны бос тұрғанын көрсетті.
Бен Ладеннің өліміне 10 жыл. АҚШ операциясы қалай өтті?
Recommended
Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуіліне бір апта болды
Back to top
XS
SM
MD
LG